#Жамбыл: Рамазан мерекесі ерекше аталып өтті

#Жамбыл: Рамазан мерекесі ерекше аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде барлық мұсылман баласының ұлық мерекесі болған қасиетті Рамазан айының қарсаныңда мешіт ауласына қазақтың киіз үйі тігіліп, аудандық «Спорт» кешенінің ұйытқы болуымен аудан жастарына ұлттық ойын ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, аудандық «Спорт» кешенінде қазақтың ұлттық ойыны – қазақша күрес сайысы болып өтті. Бұл ойынға ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы арнайы келіп, жеңімдаздарды құттықтап, батасын берді.

Аудан жастары мешіт ауласында жалғасқан іс-шарада ұлттық ойындардың түр-түрінен сынға түсті. Атап айтсақ, арқан тартыс, асық ату, қол күрес сынды ойындарды жастар құлшына ойнады. Сайыс соңында ауданның бас имамы жастарға сый-сыяпат ретінде кітаптар табыс етті. Қасиетті Рамазан айының қарсаныңда болып өткен бұл игі іс-шара аудан жастарына керемет әсер қалдырды. Келе жатқан иісі мұсылман баласының қасиеті мен қадірі мол болған, он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы баршамызға мүбарак болғай!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: