#Шу ауданы: Тазалық - иманның жартысы

#Шу ауданы: Тазалық - иманның жартысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу аудандық "Төле би" мешітінде және ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттерде сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Атап айтатын болсақ, аудан имамы Аят қажы Дыбысұлының тапсырмасымен, ауыл мешіттерінің дін мамандары мешіт жамағаттарының басын қосып, мешіт ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, іші-сыртын әктеп-сырлады.

Сонымен қатар, аудан бойынша 300 түптен аса алма ағаштары отырғызылып, 1000 түптен аса раушан гүлі егілді.

Шара соңында мешіт имамдары тазалық жұмастарына жәрдем берген мешіт жамағаттарына алғысын жаудырды. Сондай-ақ, құран оқылып, бата жасалды.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: