Меркі ауданы: «Біз – Рамазан айын қарсы алуға дайынбыз»

Меркі ауданы: «Біз – Рамазан айын қарсы алуға дайынбыз»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті ұжымы №9 Меркі колледжі студенттерінің қатысуымен сенбілікке шықты. Ауа-райы ашық болып, мешіт аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбіліктің мақсаты - мешіттің шырайын әрлендіре түсіп, мешітімізді үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, сонымен қатар жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, мешіттеріміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу. Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді.

Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді. Шара соңында мешіт имамдарымен мен қызметкерлері Алланың разылығын көздеп келген студенттерге өздерінің ыстық көңілдерін білдіріп, бата беріп, естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты. Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.

«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: