Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінде «Қош келдің, Рамазан» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Акцияда балаларға базарлық пен кітаптар және азық – түліктей көмектер көрсетілген. Іс-шара он бес отбасыны қамтыды. Аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің, Рамазан» атты қайырымдылық іс-шараға мешіт қызметкерлеріне, найб имамдарға, есепшіге де «Қош келдің, Рамазан» сыйлықтары берілді.
Иә, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмау үшін мүмін барын салады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Егер адам баласы рамазан айының не екенін лайықты түрде түсіне білсе, бір жылдың бастан-аяқ Рамазан болуын қалар еді»,-деген.
Бұл ай жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани күйде іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу қажет. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау нағыз немқұрайлылықты білдіреді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі