Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы «Бәйдібек» мешітінің жанынан құрылған «Әжелер алқасымен» және «Бәйдібек» мешітінің алқа мүшелері, ақсақалдармен қасиетті Рамазан айының қарсаныңда кездесіп, Ораза айымен құттықтап, облыстан берген тапсырмалар жөнінде кеңесті.
Рамазанда атқарылатын іс-шараларға қолынан келгенше атсалысуға әжелер бірауыздан дайын екендерін айтты. Аудан имамы аудандық Мәдениет үйінің директоры Асқар Бегалиевпен кездесіп, қасиетті айында «Қош келдің, берекелі Рамазан» атты іс-шараға қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі