Аудандық мәдениет үйінде «Дін – тәрбие діңгегі» атты жастармен кездесу өтті. Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншарип қажы Джадраев кездесудің арнайы қонағы болып, жиын барысында бәрқатар тақырыптарға тоқтала кетті.
Атап айтсақ, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.
Сөз соңында ұйымдастырушылар бас имамға рақметін айтып, алғысын жаудырды.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі