Тазалық - мүміннің айнасы дейді исі мұсылман дана халқымыз. Осы ұранмен айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының қарсаңызда Қордай ауданында қарасты барлық ауыл мешіттерінде тазалық жұмыстары жасалды.
Мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе ғимараттың ішін, дәретханасын, ауласын жинады. Аулаға тал отырғызып, көгалды тырмалады.
Ислам дінінде иманның құндылығы қаншалықты жоғары екені белгілі. Тазалықты иманның жартысына теңеу – исламның тазалыққа қаншалықты мән беретінінің айғағы. Бұл өз кезегінде мұсылмандар дініміздің талаптарына сай болуымыз керек дегенді білдіреді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі