Әлеуметтік желіде "Рамазанға дайындық" тікелей эфирі жүргізілді

Әлеуметтік желіде "Рамазанға дайындық" тікелей эфирі жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен инстаграм әлеуметтік желісінде қасиетті Рамазан айына арналған "Оразаға дайындық" тақырыбында тікелей эфир өтті. 

Мешіт шәкірті Балауса Азаматқызының жүргізуімен сектор жетекшісі Гүлжан Серікқызы рамазанға қатысты ең көп қойылатын сұрақтаға жауап берді. Көпшілік эфир бастаған нәзік жандыларға тілекей сауалдарын жолдап, дәйекті жауаптар ала алды. 

Сонымен қатар, шарада викториналық ойын ойналытып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, көптен озық шыққан 6 адам қаржылай сыйлықтарын алды.  Сыйлыққа бөлінген 15 мың эфирде бірден жеңімпаздардың картасына аударылды. 

Мұндай қызықты тікелей эфирлер алдағы уақытта да жамағатты қуантпақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: