Қордай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, "Бейбітшілік пен келісім" жобасы аясында қазақ-дүнген ұлттарының қатысуымен спорттық ойындар сайысы өтті.
Дүбірлі додаға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып, көпшілікті келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтап, спорттық жарыста сынға түсетін топтарға сәттілік тіледі.
Жамағат "Қошқар көтеру" мен "Кіші футбол" ойыны бойынша күш сынасып, тартысты өткен бас қосу өз жеңімпаздарын анықтады.
"Қошқар көтеру" сайысы бойынша Қаракемерлік Нұржігіт 60 реттік көрсеткішпен алға шығып, қошқардың иесі атанды. Ал футбол ойыны бойынша жүлделі орындар мына топтарға бұйырды:
1 орын - "Алға"
2 орын - "Барыс"
3 орын - "Бірлік"
Екі ұлттың арасындағы татулықты нығайту мақсатында атқарылған шаралар "діндегі бауыр" сезімін күшейте түскен-ді. Жақсы ойын көрсеткен барлық топ бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар Масаншы ауылдық мұражайын аралап, дүнген халқының ұлттық аспаптарымен танысып қайтты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі