"Бейбітшілік және келесім" жобасы аясында Меркі ауданы Кеңес ауылының әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен жиналыс өтті.
Іс-шараның мақсаты тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сияқты құндылықтар аясында мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен қоғамды біріктіру екендігі айтылды.
«Ауданда тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністігі – барша қазақстандық халықтың рухани құндылықтарын арттыру, әрбір отбасындағы тыныштықтың және Меркі ауданының табысты дамуының кепілі», - деді Нұрбек Жанықұлов.
Сөз соңында имам: Әрбір адам өз ісіне адалдық таныту қажет, сонда ғана елдің ертеңі жарқын, болашағымыз баянды болмақ деп тарқасты.
Меркі ауданы, «Меркі ата» мешіті