Меркі ауданы №9 Өрт сөндіру бөлімінде «Дәстүрлі емес діни идеологиядан және экстремистік ұйымдардың ойларынан қорғау, олардың беделін төмендету» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
№9 Өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында дәстүрлі емес діни идеологиядан қорғауға бағытталған жалпы алдын алу шараларын өткізу аясында, Меркі ауданының бас имамы Н.Қ.Джаныкулов Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.С.Мамбетовтың шақыртуымен Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және № 9 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы арасында «Дәстүрлі емес діни идеологиядан және экстремистік ұйымдардың ойларынан қорғау, олардың беделін төмендету» тақырыбында жиын өткізілді.
Шара соңында көпшілік өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып тарқасты.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі