Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінде оразаға дайындық бойынша жиналысы өткен болатын. Аталған жиында облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жуалы ауданына қарасты имам-молдалардың қатысуымен он екі айдың сұлтаны Рамазан айына қатысты жиналыс жасалды.
Жиналыс барысында аудан бас имамы еткен бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлы қасиетті айда атқарылатын шаралар легін тілге тиек етті. Ұлық мереке уақытында тарауық намазын жүргізу барысы, пітір-садақасы, мерекелік шараларды ұйымдастыру мәселесі айтылды. Жуалы аудан бойынша имамдардың діни білімдерін шыңдау керектігіне көңід бөлуді тапсырды.
Мешіттің алдына Рамазан жайлы баннерлер ілу, 30 күнде уағыз айтылуы керектігін, тарауық намазын санитарлық талаптарға сай қысқа сүрелермен өткізу, ауызашардың мешітте өтілмеуін қадағалау, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, келуші кісілерге санитарлық талаптарға сай болуы керектігін насихаттауды аудан имамы ауыл имамдарына тапсырды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі