Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Нұрбек Жанықұловтың және дін істер басқармасының ұйымдастыруымен Меркі ауданына №9-шы орта мектептің қызметкерлерімен қоғамда өзекті болған "Деструктивті ағымдардың қоғамға әсері" атты кездесу өткізді.
Бас имам сөз сөйлеп, басты мақсатымыз жастардың жат ағым жетегінде кетіп қалмай, дәстүрлі дінімізді ұстана отырып, елдің ішінде татулық пен тыныштықты сақтау, әрбір мұсылманның басты міндеті екенін жеткізді.
Жиын соңында ауданның имамы қызметкерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, көпшілікті діни сауаттты болуға шақырды.
Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі