Жат ағымдардың алдын алу, діни иммунитет қалыптастыру мақсатында Аспара ауылдық әкімшілікгінде түрлі сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жиында сөз бастаған аудан имамы: "Деструктивті ағым мүшелеріне жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қортуына мүмкіндік бермеу үшін, ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, ұйымға қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады" – деді.
Шараға арнайы келген әрбір маман өз ісіне қатысты сөз сөйлеп, ата дініміз бен өзге ағымдардың айырмашылығын бүге-шегесіне дейін жеткізді.
Сөз соңында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Меркі ауданы, «Меркі ата» мешіті