Жамбыл ауданы Түркісіб ауылы «Түркісіб» мешітінің имамы Қыдырбай Тажибаев мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарын ұйымдастыруымен ауыл жанындағы мазаратты тазалау жұмыстары жүргізілді.
Мешіт ауласына тал отырғызып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіттің жанынан наурыз көже жасалып, ауыл тұрғындарына үй-үйге, ыдысқа құйып таратылды.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі