Қордай ауданы Масаншы ауылдық "Мәдина" мешітінің ауласында 70 түп шырша ағашы отырғызылды.
Шараға қазақ-дүген жамағаты, ауыл ақсақалдары, ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысты. Ұлтаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында жасалған шара игі істе көпшіліктің басын қосты.
Пайғамбарымыздың (ﷺ): "Кімде-кім бір тал ексе Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" дейді. Осы амалды дәстүрге айналдырған мешіт жамағаты жыл сайын көктемде тал отырғызу шарасы атсалысады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі