#Т. Рысқұлов ауданы Рамазанға дайындық жүргізді

#Т. Рысқұлов ауданы Рамазанға дайындық жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы аптада Жамбыл облысының өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев қала және аудан имамдарын жинап қасиетті Рамазан айына дайындықтарын пысықтап, біршама тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмаларды жеткізу және қолға алу мақсатында ауданымыздың бас имамы Сұлтаншарип қажы ауыл имамдарын жинап жиналыс өткізді.

Жиын ауыл имамдарының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебін алумен басталды. Содан кейін қасиетті айдағы атқаратын құлшылықтар мен жұмыстар талқыланды. Атап айтар болсақ, пандемияға байланысты мешіттерде ауызашарлар берілмейді, ауызашар тамақтарын арнайы ыдыстармен ораза ұстаған адамдардың үйіне таратып беруге болады. Сонымен қатар, тарауық намаздары карантин талаптарын сақтай отыра, қысқа оқылады деп шешілді.

Қасиетті Құран түскен айда Құран хатым оқуды және онлайн уағыздар айтуды көбейту керектігі тілге тиек етілді. Алла тағала баршамыздың рамазан айында қылған құлшылығымызды қабыл еткей!

Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: