Жамбыл ауданыдық әкімшілігінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы барысында аудандардағы достық пен келісім ауызбіршіліктің бастауы екендігі айтылады. Аудан әкімі Сәкен Арубаев Жамбыл өңірдің тұрақтылығы, ауызбіршілігі, мешіттерде насихатталып жатқанын тілге тиек етіп, аудан имамын, ауыл имамдарын, аудан жұртшылығын келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар мешіт жамағат үшін санитарлық талаптарға сай болу керектігін айтты.
Сөз алған аудан имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы: "ҚМДБ-ның Жамбыл облсының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының Рамазан айының алдында жасаған жиналысында жеті бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың рейтингін атаған болатын, біздің өңір алғашқы үштікке тұр. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жастарды отансүйгіштікке, ауызбіршілікке тәрбиелеуде" - деп атап өтті.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі