#Меркі ауданы: Имамдар жиналысы жасалды

#Меркі ауданы: Имамдар жиналысы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінде оразаға дайындық бойынша жиналысы өткен болатын. Аталған жиында облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық пысықталды. Жиналысты Меркі ауданының бас имамы Нұрбек Жанықұлов жүргізді.

Мәжілісте жасыл аймақта орналасқан өлкелерде мешіттердің алдына Рамазан жайлы баннерлер ілу, 30 күнде уағыз айтылуы керек, тарауық намазын санитарлық талаптарға сай қысқа сүрелермен өткізу, ауызашардың мешітте өтілмеуін қадағалау, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, келуші кісілерге санитарлық талаптарға сай болуы керектігін насихаттауды аудан имамы ауыл имамдарына тапсырды.

Алла Тағала қасиетті Рамазан айында жасаған құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етсін!!!

Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: