Білім жолына садақа - садақаның абзалы

Білім жолына садақа - садақаның абзалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлының ұйытқы болуымен Тараз қаласы мешіт жанашырларының атсалысуымен шаһардағы діни білім беру ордасы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне көмек көрсетілді. 

Оқу орнының асханасна 210 мың теңгеге азық-түлік алынып, қосымша 1 қой мен 60 шәкіртке 120 нәски берілді. Алла Тағала: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» – деп білім иелерін ардақтайды («Зумар» сүресі, 9). Алла жолында білім алып жатқан студенттерге жағдай жасау ұнамды амалдардан. 

Жамағат мұнымен қоймай ауыз бекіткен жастарға ауызашар ұйымдастырып, сауапты амалдарын арттыра түсті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: