#Т. Рысқұлов ауданында 100 түп ағаш отырғызылды

#Т. Рысқұлов ауданында 100 түп ағаш отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жылдағы жақсы әдет бойынша көктем шыға салысымен ағаш отырғызуды қолға алатынымыз анық.

«Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» демекші, аулаға ағаш отырғызудың қаншалықты сауапты амал екенін біреу білсе біреу білмес.

Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбардың мұсылмандар қауымын тал отырғызуға үндеген мынадай хадисі бар. «Қандайда бір мұсылман ағаш егіп не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады». Тағы бір өсиетінде: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген. Тереңінен түсінгенге тәлімді тәмсіл жатыр.

Бірде Аббаси халифасы Һарун Рашид бір қарт адамның кішкентай жеміс ағашының көшетін отырғызып жатқан байқап қалады. Халифа оған: «Иа, ақсақал сіз қартайдыңыз. Отырғызып жатқан шыбығыңның жемісін көре алмайсың. Осыны біле тұра, неге бейнетттеніп жатырсың?»-дейді. Сыр бермеген қарт: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды. Біздер жемісін жедік. Енді біз де тал отырғызайық. Жемісін кейінгілер жесін»,–деп жауап қатады. Мұндай жауапты күтпеген Һарун Рашид әлгі қартқа риза болып, қартқа бір уыс алтын береді. Сонда қарт: «Көрдің бе, балам. Бұл тал шыбықтың жемісін міне, мен де көрдім»,–дейді. Қарияның сөзіне одан сайын риза болған халифа тағы алтын ұстатады. Қарт Һарунның жүзіне күлімсірей қарап: «Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі мәрте жеміс береді» - деген екен.

Жоғарыда айтылған Пайғамбарымыздың (с.а.с) сөзін негізге ала отырып, ауданымыздың 4 ауылында, яғни Ақыртөбе, Көгершін, Луговой және Тереңөзек ауылдарында 100-ге жуық ағаш мешіттер мен аурухана ауласына отырғызылды. Ол егілген ағаштардың ішінде шырша және жеміс ағаштары бар.

Қуаныш  Түзелбеков 

Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: