Қордай ауданына қарасты имам-молдалардың қатысуымен он екі айдың сұлтаны Рамазан айына қатысты жиналыс жасалды.
Жиынға басшылық еткен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қасиетті айда атқарылатын шаралар легін тілге тиек етті. Ұлық мереке уақытында тарауық намазын жүргізу барысы, пітір-садақасы, мерекелік шараларды ұйымдастыру, Құран хатым мәселесі айтылды.
Мамандар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Аудан имамы дін мамандарына тапсырмалар жүктеп, көпшілік жоспар тізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі