Қордай ауданына қарасты имам-молдалардың қатысуымен Рамазан айының қарсаңызда "Ихсан" ілімін насихаттауға қатысты жиналыс жасалды.
Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы аталған тақырып аясында жамағатқа уағыз жүргізуді тапсырып, бұл үгіттің қоғамға, дінге алып келер пайдасын тілге тиек етті.
Шарада адамның Аллаға деген махаббатын, ғибадатын күшейтуге шақыратын ихсан мәселесін халыққа жеткізу жолдары, аударатын басты қағидалары айтылды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі