#Шу қаласы: ЖӘМИ МЕШІТІНДЕ ИХСАН ТУРАЛЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

#Шу қаласы: ЖӘМИ МЕШІТІНДЕ ИХСАН ТУРАЛЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы мешіт жамағатына ИХСАН ілімі турасында уағыз айтты.

Саңлақ сахабалардың бірі Омар (р.а) осы ихсан ұғымына қатысты мынадай бір оқиғаны риуаят етеді:

«Бірде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанында отырғанымызда күтпеген жерден қасымызға бойында жолаушының белгісі жоқ және біздің ешбіріміз танымайтын қара шашты, аппақ киімді кісі  келді. Ол Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарсы алдына тізесіне тізесін тигізіп отырды да, қолын санына қойып: «Уа, Мұхаммед, маған Ислам жайлы айтып берші», – деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:

«ИСЛАМ дегеніміз – Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешкімнің және ештеңенің жоқ екеніне және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік келтіруің, намаз оқуың, дүниеңнен парыз етілген зекет беруің, Рамазан айында ораза ұстауың және шамаң жетсе, қажылық жасауың». Ол: «Дұрыс айтасың», – деді. Біз оның Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрі сұрақ қойып, әрі оның айтқандарының дұрыстығын растап отырғанына таңғалдық. Содан соң ол: «Маған Иман жөнінде айтшы», – деп тіл қатты. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп жауап берді:

«ИМАН дегеніміз – Аллаға, Оның Періштелеріне, түсірген Кітаптарына, Оның Елшілеріне, Ақырет күніне және жақсылық пен жамандықтың тағдырдан екеніне иман келтіруің». Әлгі адам тағы да: «Дұрыс айтасың», – деді де: «Маған ихсан туралы баяндап берші», – деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «ИХСАН дегеніміз – Алла көріп тұрғандай құлшылық жасауың, сен Оны көрмесең де, шын мәнінде, Ол сені көріп тұр», – деп жауап қайтарды". 

 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: