#Жамбыл: Тастөбе ауылындағы жүздесу

#Жамбыл: Тастөбе ауылындағы жүздесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Тастөбе ауылы «Тастөбе» мешітінде елімізге танымал дінтанушы, имам, психолог  Нұрлан қажы  Асанов қонақта болды. Шарада Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы, "Тастөбе" мешітінің имамы Музафар Абитов және ауыл қариялары болып, уағыз–насихат айтылды.

"Адамдар ақырет күні барша амалдарына, аузынан шыққан әрбір сөзіне, істеген  күнәсі мен істемеген ізгі амалдарының есебін береді. Осы ауыр азап күні келмей тұрып, әрбір істегендерін есептеп – таразылауы керек. «Есепке тартылмай тұрып, өздеріңді есепке тартындар» - деген. Сол бір машақаты мен қайғысы мол күнді еске ала отырып, амал дәптеріміздің беттерін адамдардан кешірім сұрап, тазалап алғанымыз жөн" - деді имам өз сөзінде.

Келген қонаққа аудан имамы мешіттің сауат ашу курсын, асхана және неке қиятын бөлмесімен таныстырды. Қасиетті Рамазан айын өткізу барысында санитарлық талаптарға сай болу керекті сөз етілді. Көркем әңгіме, әсерлі насихат айтқан Нұрлан қажыға ауыл қариялары алғысын білдірді.

Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: