#Тараз: Әйелдер жамағаты Рамазан айына дайындық жүргізді

#Тараз: Әйелдер жамағаты Рамазан айына дайындық жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешіті ұстазы, әйел-қыздар секторы Жібек Болатбекқызының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының келуіне орай «Қош келдің Рамазан» атты іс-шара өтті.

Кездесуде оразаны ұстау тәртібі толығымен түсіндіріліп, оразаның пайдасы мен сауаптары жайлы аят-хадистер мен үгіт-насихаттар жүргізілді.

Жиынға "Үшқоңыр"  медресе колледжінің шәкірті Амина Нурова мен мешіт шәкірттері қатысты. Оқушылар ораза жайында көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Бір-біріне сыйлықтар сыйлап, Алланың разылығы үшін  діндегі бауыр екенін көрсетті. Жиын соңында әйелдер жамағаты үйінен пісіріп әкелген түрлі дәмді тағамдарымен дастархан жайып имандасты.

 Жібек Болатбекқызы

«Кеңесхан қажы» мешіті ұстазы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: