#Тараз: Рамазанға дайындық пысықталды

#Тараз: Рамазанға дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық пысықталды. Жиналысты Тараз қаласының бас имамы Амантай Әбілдәұлы жүргізді. Мәжілісте жасыл аймақта орналасқан өлкелерде ауызашар берілу тәртібі, фидия құны, тарауих намазының оқылу тәртібі тақырыптары талқыланды.

Жиналысқа қалалық орталық мешіттің наиб имамдары мен ұстаздары және 5 аймақ кураторлары, атап айтқанда Баймаханов Ораз, Мухамметов Серіжан, Ахметов Ғазиз, Мадыбаев Ғазиз қатысты.

Қасиетті Рамазан айын карантиндік режимде болса да естен кетпестей етіп өткізу үшін төмендегі шаралар жоспарлануда:

- 30 күнге отыз уағыз (30 күнде 30 тәжірибелі дін мамандары әлеуметтік желілерде уағыз-насихат жүргізетін болады)

- 30күнге отыз дәріс (әлеуметтік желі бойынша «Кел, Құран оқып үйренейік» бағдарламасы жобасын бойынша дәріс жүргізілетін болады.)

- Онлайн Құран хатым (Инстаграм keneshan_qajy парақшасында қариларымыз күнде 1 параны оқитын болады.)

- Хатым топтарын жасақтау( Тараз қаласы бойынша 3 хатым тобы іске қосылып, 1 аптада 3 рет Құран Кәрім толықтай оқылатын болады.)

Алла Тағала қасиетті Рамазан айында жасаған құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етсін!!!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: