Жамбыл имамдарына Рамазан айына арналған жиналыс жасалды

Жамбыл имамдарына Рамазан айына арналған жиналыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен қала, аудан имамдарының мәжілісі өтті.

Шарада сөз бастаған облыс бас имамы биылғы Рамазан айының өткізілу тәртібін баяндап, атқарылуы тиіс шалалар легін тізбектеді. 13 сәуір күні басталатын қасиетті айда Жамбыл өңірінде «Қош келдің, Рамазан!» атты онлайн сахналық бағдарлама өткізу; 30 күнге 30 уағыз, Әлеуметтік желілерде уағыз-насихат айту; Тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа-райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу; Құран хатым сағатын бекіту, батасын жасау; Жамағат арасында хатым оқу топтарын құру, батасын беру; Өңірлердегі жастар мен еріктілердің қатысуымен ауызашар асын тарату; 30 күн бойы жастар арасында таспихаттар ұйымдастыру; Әйелдер Құран хатымы 30 күнге 30 хатым ұйымдастрыу; «Рамазан – отбасы айы» атты отбасылық іс-шаралар жасау жоспарланып отыр.

Жиында сонымен қатар ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жауапты мамандар сөз сөйлеп, баяндама жасады. Соңғы 3 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы жасалып, өңірлердің жұмыс барысы балдық жүйе бойынша бағаланып, рейтингі шығарылды. 

Оқ бойы озық шыққан қала мен аудандар қатарында барлық бағыттар бойынша белсенділігімен көрініп алғашқы үштікке Жамбыл ауданы, Тараз қаласы, Қордай ауданы шықты.

Сондай-ақ Бейбіт Әліпбекұлы "Оңалту жұмыстарын жүргізу" бойынша Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлына ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстады. 

Жиналыс соңында бас имам дін мамандарына нақты тапсырмалар беріп, пітір-садақасы, фидия, ораза айт, қадір түніне, ауызашар мен тарауық намазына қатысты ақпараттарды нақтылап өтті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: