#Тараз: Әжелер алқасы мешіт құрылысына қол ұшын созды

#Тараз: Әжелер алқасы мешіт құрылысына қол ұшын созды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы, әйел-қыздар секторы Жібек Болатбекқызының ұйымдастырауымен «Әжелер алқасы» мүшелері «Жамбыл Жабайұлы» мешітін зират етті.

Құрылысы жүріп жатқан жаңа мешіт ғимаратына өз үлестерін қосу мақсатында ақ жаулықты 7 апамыз 70 мың теңгені жұмсады. Сонымен қоймай келер ұрпаққа үлгі болған бұл ізгі апаларымыз мешіт құрылысы аяқталмайынша өз зейнетақыларынан әр ай сайын 10 000 теңгеден беріп отыратынын жеткізді.

Құран Кәрімде тәубе сүресінің 18-аятында Алла Тағала: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі», деп бұйырады. Сапар соңы «Жамбыл Жабайұлы» мешітінің молдасы Садуақасов Ербол атамыздың ізгі батасымен аяқталды.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: