#Шу ауданында қайырымды жұма акциясы жалғасын тапты

#Шу ауданында қайырымды жұма акциясы жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы және Шу ауданы Төле би ауылsның әкімі Ошанов Азамат мырзамен бірлесе отырып, қасиетті Жұма күні қайырымдылық науқанын өткізді.

Көктем айында жаңбыр аралас қар жауып, күн суытып, ауарайдың күрт өзгеруіне байланысты, көпшілік тұрғындардың отын-суы таусылып, қысылтаяң жағдай болғаны бар.

Жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтін 37 кісіге 3 қап көмір және 1 қап пияз таратылды. Мешіт ауласына келген көпшілікке аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы «Сынақ бұл Алладан» тақырыбында өсиетін айтып, елді сабырлыққа шақырды. Төле би ауылының әкімі Ошанов Азамат мырза мен аудан имамы Аят қажы Дыбысұлына рақыметтерін жаудырды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: