Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауыл мешіттерін аралады.
Айша-бибі ауылдық «Айша-бибі» мешіті мен Жалпақтөбе ауылдық «Тұрғани» мешіттерінде жөндеу жұмыстары жасалуда. Мешіттің ауласына тас жол жасалып, гүлдер отырғызылуда.
Аудан имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы «Айша-бибі» мешітінің асханасы мен қызметтік тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылап қайтты. Бас имам ауыл имамдарына мешіттің ішкі-сыртқы тазалықтарын жиі қадағалап отыруды тапсырды.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі