#Қордай: Қазақ-дүнген ұлт өкілдері мешіт ауласына 150 түп ағаш отырғызды

#Қордай: Қазақ-дүнген ұлт өкілдері мешіт ауласына 150 түп ағаш отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Бейбітшілік пен келісім" жобасы аясында қазақ-дүнген ұлттарының атсалысуымен мешіт ауласына тал отырғызу шарасы өтті. 

Ұлтаралық татуластықты арттыру мақсатында жасалған игі жиында
Қаракемер ауылдық мешітінің алдына 150 түп жеміс ағашы отырғызылды.

"Өсімдіктер мен ағаштар Алла Тағалаға сәжде етеді" дейді "Рахман" сүресінің 6-аятында. Қазақ халқы артыңда мал қалғанша, тал қалсын деп текке айтпаса керек. Осы бір дәстүрмен жалғасын тапқан шараға Қарасай, Еңбек, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Нұрлысай, Өтеген, Күнбатыс ауылдық мешіттерінің жамағаты қатысты.

Ауыл тұрғындарының бас қосуында аудан имамы Асқар Зәкіржанұлы құран оқыса, ауыл ақсақалы халық амандығы, ауызбіршілігі үшін дұға жасап, бата берді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: