Тараз қаласы «Әзірет Әли» мешітінің ұстазы Талғат Сабина шәкірттерімен бірге Наурыз мерекесін атап өтті. Іс-шара барысында бесіке бөлеу, тұсау кесу сынды қазақтың дәстүрлері орындалып, келешек ана болатын қыздарымызға үйретілді.
Жиын соңы тәжірибелі ұстаз Талғат Сабинаның «Қазақ салт-дәстүрінің қайнар көзі Құран Кәрім немесе Хадистер» тақырыбындағы мағыналы уағыз-насихатымен аяқталды.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі