Жамбыл ауданында облыс бойынша аудан аралық ардагерлер арасында волейболдан жарыс өтті. Жамбыл ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің директоры Риянов Мақсат Зәкірұлының шақыртуымен ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы мен аудандық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жұмағұлов Жандос іс-шараға қатысты. Бұл аудан аралық жарысқа Меркі, Талас, Сарысу, Байзақ және де Жамбыл ауданы да бақ сынады. Жиынға жиналған аудандарға аудан имамы ақ батасын берді.
Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі