Жамбыл ауданында Ұлыстың ұлы күні Наурыз меркесіне орай жаңадан ашылған Жамбыл ауданының Спорт кешенінде Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы ауыл ақсақалдарымен бірге кешеннің ауласына тал отырғызды. Мереке ұлттық ойындармен жалғасын тапты.
Асық ату, арқан тартыс, ләңгі секілді қазақтың ұлттық ойындарымен мереке жандана түсті. Іс-шараның құрметті қонағы болған ауданның бас имамы ұлттық ойындарға қатысып, наурыз-көжеден дәм татты.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тиетіні анық.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі