"Бір тал кессең, он тал ек" жобасы аясында ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторы орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ауласына 36 түп тал екті.
Игі шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы қатысты. Көпшілік дұға ете отырып, келешек ұрпаққа үлгі болсын, олар да табиғатты аялап, осы дәстүрді жалғастырсын деген мақсатпен жеміс дарақтарын отырғызды.
"Өсімдіктер мен ағаштар Алла Тағалаға сәжде етеді" дейді "Рахман сүресінің 6-шы аятында. Ал, адамдар үшін ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына хадисінен аңғаруға болады: "Кімде-кім бір тал ексе Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" (Ахмад бин Ханбал).
Тал егудің пайдасының шаш-етектен екенін аят-хадистерден де, бабалар сөзінен, өмірдің өзінен көріп жүрміз. Осы игі науқан аясында мешіт ауласын тағы да гүлдендіре түсетін көрік арта түскен-ді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі