#Қордай: Ұлыстың ұлы күні тойланды

#Қордай: Ұлыстың ұлы күні тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық Әйел-қыздар секторы мен Әжелер алқасының ұйымдастыруымен орталық мешітте "Әз-Наурыз" мерекесі аталып өтті. 

Ұлтты ұйыстырған ұлық мерекеге жиналған нәзік жандылар ақ дастархан жайып, салт-дәстүрімізге сай ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, әжелер жастарға өнеге көрсетті. 

Әуез Қалыбаева мен Қантгүл Белекова есімді әжелер сәбиді бесікке салып, көпшілікті осы бір рәсімнің қызығына бөлеп, шашуын шашты. Ал Нұрғайша Жапарқұлова кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті. Жамағат балақайларға жақсы тілектерін жаудырып, дастарханда наурыз көжеден дәм татты. Апалар ақ батасын беріп,  қуанышта тарқасты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: