#Тараз: Әйел-қыздар секторы үйі өртенген отбасыға қайырымдылық жасады

#Тараз: Әйел-қыздар секторы үйі өртенген отбасыға қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Тараз қалалық «Әйелдер-қыздар» секторының жауапты бас маманы әрі қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызымен және "Жастар ісі" секторының  жауапты қызметкері Қайырғали Бахтиярұлының ұйымдастыруымен үйі отқа оранған отбасыға қаржылай әрі азық-түлікпен көмек көрсетті. Қазіргі таңда уақытша жалдамалы пәтерде тұрып жатқан бұл отбасының үйінде мүгедек ұлы және қарт анасы бар екен. Бұл қайырымдылыққа мешіттегі сауат ашу тобының әйелдері де ат салысып,қолынан келген көмегін аямады. Бұл іске қаржылай 110 мың теңге мен азық-түліктей көмек көрсетілді.

Ардақты Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады» деген хадисті негізге ала отырып, жақсылық жасауда барынша аянбай күш салыстық. Алдағы уақытта қолдан келгенше бұл істен де үлкен  қайырымдылық көмек көрсету жолында тер төгіп, күш-қайратты осы жолда сарп ететін боламыз.

Алла тағала әрбір қиыншылыққа душар болған отбасыға сабыр, берік иман мен мызғымас төзім берсін.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: