Жамбыл ауданыдық спорт кешенінде орталық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жандос Жұмағұлов спорт кешеніндегі бапкерлер, жаттықтырушылар мен жастарға діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жиында ауданның найб имамы діни алауыздық пен терроризм жайында кенінен баяндады. Экстремизм - тілдік мағынасында «шеттеу», яғни «орталықтан ауытқу», «белгіленген жерден шығып кету» дегенді білдіреді. Терминдік тұрғыда: «тәртіпті мойындамайтын», «өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы» дегенге саяды.
Жиын соңында ауданның дін маманы жастардың қойған сұрақтарына жауап беріп, көпшілікті діни сауаттты болуға шақырды.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі