#Жуалы: Наурыз мерекесінде спорттық сайыстар өтті

#Жуалы: Наурыз мерекесінде спорттық сайыстар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жамағат Наурыз мерекесін атап өтті. Аудан бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлының ұйытқысымен және мешіт жанашырлары  қолдауымен ұлттық спорттық іс-шаралар өтті.

«Шынықсаң шымыр боларсың» деген ұранмен  орталық мешітінің ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай қол күресі, 24 кг гір тасын көтеру, арқан тартыс және кіші футболдан жарыс өткізді. Бұл додаға аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітіне жақын орналасқан «Көлбастау», «Қайрат» «Дихан» және «Күреңбел», «Жаңаталап»  мешіттерінің жамағаттары  қатысып алты  мешіттің атынан бақтарын сынады. Жеңімпаздарды аудан бас имамы  Амирбаев Нұрлан көпшілікті ұлыстың ұлы күнімен арнайы құттықтап, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен кілемдер табыстады.

Спорттық іс-шарадан кейін мешітте арнайы жайылған дастарханнан көпшілік ауыз тиіп, аталған мешіт имамдары жамағаттарға патриоттық, дене тәрбиесі мағынасында және жалқаулық, масылдықтың зияндығы турасында уағыз-насихат жүргізді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: