#Тараз имамдары наурыз айында 2 287 500 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

#Тараз имамдары наурыз айында 2 287 500 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы имамдары көктемнің алғашқы айы болған наурыз айында жалпы 39 қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 232 отбасына 2 287 500 теңге қаражат жұмсады. Қайырымдылық ретінде жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, жетім балаларға ойыншықтар, қараушысынан айрылған жалғызбасты аналарға қаржылай және азық-түліктей, мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектік арбасы берілді.

Іс-шараға Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы», «Шейх Зүннүн», «Әзіреті Әли», «Әл Фирдаус», «Мырхалық қажы», «Миразиз ата», «Иса Ахмет», «Ар Рахман Ар Рахим», «Нәметбай», «Асым ата», «Хамрақұл», «Айсұлу ана», «Давруш ата», «Әбдіқадір», «Молда Мухаммеджан» мешіті имамдары атсалысты.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Адамдардың ең қайырлысы өзгелерге (қоғамға) ең пайдалы болғандары» деген хадисін өмірлік ұстаным қылған имамдарымыздың Алла Тағала қызметтеріне береке берсін!

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: