#Тараз: Жат ағыммен күрес жүргізілуде

#Тараз: Жат ағыммен күрес жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарында наурыз айында он бірдей мешітте «Жат ағым жетегінде кетпеу» тақырыбы бойынша уағыз-насихат жүргізілді. Атап айтқанда «Әзіреті Әли», «Әбу Бәкір әс Сыддық», «Тектұрмас», «Шейх Зүннүн», «Құлбай баба», «Бегалы ата», «Асым ата», «Намаз ата», «Әкрам Төре» және «Мырхалық қажы» мешіттерінде кездесулер өтті. Уағыз барысында тәжірибелі дін мамандары елімізде етек жайған сәләфизм, уаһабизм сияқты жат ағымдардың тигізер кері әсерлерін және одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Тараз қаласында наурыз айында жат ағым бағыты бойынша 15 жалпы кездесу ұйымдастырылып, 564 адам қатысқан болатын. Сонымен қоса 17 жеке кездесу ұйымдастырылып, жат ағым жетігінде жүрген қандас бауырларымыздың он жетісіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Абай атамыздың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп жырлап өткеніндей, Алла Тағала елімізге бірлік нәсіп етсін! Елімізді сыртқы жаудан, ішкі даудан қорғасын!

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: