#Талас: Имамға құрмет көрсетілді

#Талас: Имамға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы көктем Аллаға құлшылық етуші жамағат үшін жағымды жаңалықпен басталды. Бір жылға созылған шектеу шаралары жеңілдетіліп, жауапты сала басшылары тарапынан ғибадат орындарында жұма намазын оқуға рұқсат берілді. Алайда, мешітте әдеттегідей санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.

Көптен бері мешітте бас қоспаған жамағат көктем айының алғашқы жұмасында игі істің куәсі болды. Таластан шыққан кәсіпкерлер өзара келісіп, аудандық «Қарату қажыби» мешітінің имамы Нұрсұлтан Алиевке жеке өзіне көлік беруді ұйғарыпты. Жаңа үлгідегі жеңіл көліктің кілтін Нұржан мырза жиылған жамағат алдында салтанатты жағдайда табыс етті.

Жалпы, Нұрсұлтан Алиев, ауданның бас имамы қызметін он жылға жуық уақыт атқарып келеді. Әсіресе, індет күшейген уақыттағы Н.Алиевтің ұйымдастыруымен қолға алынған қайырымдылық шаралары мен ізгі істерін аудан тұрғындары ризашылық көңілмен айтады.

Еңбекті бағалап, имамға құрмет көрсеткен аудандағы атымтай азаматтардың бұл әрекеттері өзгелерге үлгі.

Аудандық «Қаратау қажы би» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: