#Шу ауданы: Өгіз сойылып, еттері мұқтаж 20 отбасына таратылды

#Шу ауданы: Өгіз сойылып, еттері мұқтаж 20 отбасына таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен, мешітте 1 өгіз сойылып, еті мұқтаж 20 отбасына таратылды.

"Берекелі жұма" акциясы аясында және алғашқы жұма оқылу құрметіне қайырымдылық науқанын өткізу көзделген болатын. Сабақты ине сәтімен дегендей, аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы кәсіпкер азаматтардың басын қосып, біріге көтеріп, кәсіпкерлердің демеушілігімен аталмыш шара қолға алынды.

Мұқтаж отбасылар арнайы мешітке шақырылып, ет үлестірілді. Келуге мүмкіншілігі болмаған жандардың есіктерін қағып, пакет толы етті жеткізген "Төле би" мешітінің найб имамы Нұрлан Жұмашбекұлы қуаныштарына куә болып, баталарын алып қайтты.

Қайырымды жандардың хақтарына Құран оқылып, бата жасалды. Алдағы уақытта да осындай қайырымды шаралар жалғасын таппақ.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: