#Шу: Бахтияр имамның сапары ауылдық мешіттерде жалғасын тапты

#Шу: Бахтияр имамның сапары ауылдық мешіттерде жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні облысымыздың найб имамы Бахтияр Әміреев Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты 6 мешітте зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мешітке келген ауыл тұрғындарына кері тартпа ағымдардың қоғамға зияны және зардаптары жайында болды.

Сонымен қатар, "Бірлік" мешіті, "Бірлікүстем" мешіті, "Рақыш-ата" мешіті, "Күнту баба" мешіті және "Хати Сауранбай" мешітінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мешіттердің тынысымен танысып, өз алдына жасалу керек болған міндеттерді жүктеді.

"Қонаев" мешітінің жанынан үш бөлмелі қызметтік үй салынатыны жайында тілге тиек етілсе, "Бірлік" мешітінің жанынан үш бөлмелі қызметтік үйдің ірге тасын көріп қайтты. Ауыл ақсақалдары облыстың найб имамы Бахтияр Әміреевке өздерінің имамдарына разы екендерін айтып, әр уақытта жәрдемші болатынын жеткізді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: