#Шу ауданы: Ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру атты семинар өтті.

#Шу ауданы: Ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру атты семинар өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Шу аудандық "Төле би" мешітінде ауыл, қала имам-молдалардың қатысуымен, кері тартпа ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру аясында келелі бас қосу өтті.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы арнайы сапарлатып келген қонағымыз, "Ақниет" ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының теолог консультанты, Рахымжан Сағынайды таныстырып, дін мамандарына мұқияттылық танытып, аталмыш семинардың маңыздылығын түсіндірді. Жиында таблиғ жамағатының және сол сияқты ағымдардың қоғамға тигізер залалы жайында сөз өрбіді.

Сонымен қатар, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бахтияр Әміреев, жиында имамдарға ақида тақырыбында семинар өткізді. Ақида ілімінің маңыздылығы және оның тілдік мағынасы. Адасқан ағымдардың ұстанымдары және күмандары сияқты маңызды мәселелер қозғалды. Семинарға қатысқан дін мамандары ұйып тыңдап, рақыметтерін жеткізді.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы алдағы уақытта имамдарға үш күндік семинар өткізу жоспарда бар екенін тілге тиек етті.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: