#Шу ауданы: Сағынышпен күткен жұма намазы оқылды

#Шу ауданы: Сағынышпен күткен жұма намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны Рамазан болса, күндердің сұлтаны Жұма екені баршамызға белгілі. Елімізге төнген қауіпті жағдайға байланысты, бір жыл жұма намазын оқу мүмкіншілігі болмады. Мешіттердің есіктері жабылғанда қабырғамыз қайысып, сағымыз сынғандай болды. Сабыр түбі сары алтын, қиыншылықтың артында жеңілдік бар, қайғының артында қуаныш бар. Дұға мұсылманның қаруы демекші, әлем бойынша мұсылмандардың дұғасымен еліміз індеттен айығып, мешіттеріміз қайтадан жамағатқа есігін айқара ашып, бір қуантып тастады.

Бүгін Шу аудандық "Төле би" мешітінде карантиндік шараларды сақтай отырып, жұма намазы оқылды.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы көпшілікке өсиетін айтып, әлі де бұл індеттің бар екенін айтып, мешітте карантиндік шараны сақтау керектігін баса айтты. Ара қашықтықты сақтау, бетперде кию, қол беріп және құшақтасып амандаспау керектігін айтты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің шарапатты хадистерінің бірінде, «Көз көзді көргенде адамдардың мейірі артады» делінген. Жұмаға келген көпшілік, қуаныштарын жасыра алмай, көздеріне жас алып, ел үшін дұға қылып, қимай-қимай қоштасты.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: