Облыс имамы Меркі ауданында іс-сапарда болды

Облыс имамы Меркі ауданында іс-сапарда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Бейбітшілік пен келісім" жобасы аясында Меркі ауданында дін мамандарының бас қосуы өтті. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Жамбыл облысы Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, ауданның бас имамы Нұрбек Қайсарұлы мен ауыл имамдары қатысты.

Жиында мешіт жұмыстарын зерделеу үшін жасалатын 3 күндік жұмыс бағдарламасы сөз болып, мамандарға жеткізілді.

Шарадан соң Бас имам Ойтал ауылында салынып жатқан "Намазхана" мешітіне барып, құрылысымен танысты. Алдағы уақытта жамағатты ұйытып намазы оқылатын алла үйінің салыну жоспарын қарады. Сонымен қатар Бейбіт Әліпбекұлы "Жүніс молда" мешітін зиярат етіп, ғимаратты аралады.

Іс-сапар барысында бас имам "Меркі ата" мешітінде өңір имам-молдаларымен жиналыс өткізіп, аудан мешіттерінің жағайы, хал-ахуалы жайын сөз етті. Дін мамандарымен Алла үйінің жағдайын жақсартуға қажетті дүниелер, жамағаты, ғимарат жай-күйі жайлы тілдесті. Мәжіліс соңында имамдарға нақты тапсырмалар беріп, бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: