ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Жамбыл ауданына іс-сапармен келді. Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Қаланұлымен кездесіп, аудандағы діни ахуалды сөз етті.
Ауыл мешіттерінің жұма намазын оқуға ашылғаны, ауыл тұрғындарының мешітке келіп еркін құлшылық жасауы, мешіт тазалығы, мешітке келген адамдардың сұрақтарына имамдардың жауап беруі, жамағатпен тығыз байланыста болуы тілге тиек болды. Кездесу соңында облыстың бас имамы елдің тыныштығы мен ауызбіршілігіне дұға етті.
Сонымен қатар бас имам аудандық «Бәйдібек» мешітінің жанында жұмыс жасап тұрған қайырымдылық дүкенінде келіп, әр жұма сайын жасалатын қайырымдылық шарасына қатысты. Айта кетейік, көмек апта сайын 2 отбасыға көрсетіледі.
Имам мешіттің ішкі-сыртқы тазалағымен танысып, аудан имамына тиісті тапсырмалар берді.
Серік Нұркелді
«Бәйдібек» мешітінің баспасөз қызметі