#Жуалы ауданында «Берекелі жұма» қайырымдылық акциясы болды

#Жуалы ауданында «Берекелі жұма» қайырымдылық акциясы болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданында  «Берекелі жұма» қайырымдылық акциясы бойынша іс шара өтті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы" дегендей бүгін қасиетті жұма күні қарсаңында Тараз қаласынан ОФ «Өркен-ниет» директоры Базаров Ақжол және ТОО «APPAZ-A» директоры Аппазов Аманжолдың демеушілігімен және Амирбаев Нұрлан аудан имамының ұйытқы болуымен бір топ ауданымыздың жастары  азық-түлік тиеген жүк көлігімен тарқатты.

Волонтерлар және мешіт жастары  50 отбасыға арнайы бөлінген жеңіл көліктермен мұқтаждар тізімі бойынша Б.Момышұлы, Көлбастау, Қайрат ауылдарындағы тұрмыс деңгейі төмен және жетім, мүгедек, көпбалалы жанұяларға азық толы себеттерді табыстап, отбасыларды қуантты. Жалпы азық-түлікке  1 250 000 қаражат жұмсалды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: